Руханият

"Cөз — өте қауіпті қару": Қайрат Нұртастың қызы хейтерлерге жауап берді

Ол соңғы кездері жағымсыз пікірлер жиілеп кеткенін айтады.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта жиілеп кеткен жағымсыз пікірлер мен хейтке қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Алаудың айтуынша, оған желіде ауыр сөздер жазып, хейт таратып жатқандардың арасында 40–50 жастағы ересек адамдар да бар. Ол желіге фото немесе видео жариялағанда сын емес, керісінше қолдау күтетінін жеткізді. Бойжеткен интернеттегі мәдениет пен мейірімнің маңызды екенін ерекше атап өтті.

Бұл жағдайға әншінің анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова да үнсіз қалмай, немересіне қолдау білдірді. Ол өз пікірінде біреу алға шықса «аяқтан тарту» әдетінің көп екенін айтып, Алаудың жүрегіне тиетін мұқатулардың қатты батқанын жазды.

Мамандар кибербуллингті интернет, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы адамды қорлау, қуалау және намысына тиетін пікірлер жазу деп анықтайды. Әрбір қолданушы желідегі әрбір сөзі үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс.