жұма, 13 ақпан, 2026 11:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бурахан: Қандастарды тоқтатуға арналған компания басталған секілді...

Бурахан: Қандастарды тоқтатуға арналған компания басталған секілді...
фото Автордың жеке архивінен
"Елге, Солтүстікке көшетін қандастарды тоқтатуға арналған компания басталған секілді" деп жазады белгілі белсенді, “Тәуекел” ұйымының жетекшісі Бурахан Дақан.

Оның айтуынша, елге, Солтүстікке көшетін Қандастарды тоқтатуға арналған компания басталған секілді. Мысалы, Республика бойынша хабар тарататын бірнеше медиалаңда: Ауғаннан келген көп балалы біреу, өзін Қазақпын деп көрсетіп, үкіметті алдап, 20 миллион алыпты, сол 20 миллионға Павлодардан үй сатып алыпты, міне соған сот отырысы өтіп кінәлі деп танылған деген бір жақты жазба жарияланған.

"Жәй адамға бұл жағаұстатарлық хабар болуы мүмкін, бірақ көш мәселесінде жүрген, бағдарлама мәнін білетін адамға бұл абсурд. Павлодарға көшті тоқтатқысы келіп жүрген біреулердің іс әрекеті.

Біріншіден, өзін қазақ қып көрсету, жалған құжат жасату оңай шаруа емес, құжат өткізгенде тіл білуі деген секілді дүниелер ескеріледі.

Екінші, ешқандай бағдарлама қандасқа 20 миллион бермейді. Қолға берілетін субсидиялық көмек адам басына 300 мың, ал үй сатып алуға биыл 7 миллион теңгеге дейін көмек көрсетіледі. Ол ақшаның өзі көшкен адамның емес, үй сатушының сшотына түсіріледі. Үй құжаттары тексеріледі, мем базаға тіркеледі. Міне бар берілетін көмектер осы. Жазбаға сәйкес, 20 миллионды кім берген сонда? Демек, берілетін көмектен 10 есе көп қаржыны аударған облыстың жұмыспен қамту басқармасы, ақшаны аударған мансап орталықтары неге жауапқа тартылмайды? Демек оларда доляда боп тұр ғой? Олар туралы ақпараттар неге жоқ?

Қысқасы, елге келетін Қандас легін тоқтатқысы келетін бір топтың бары анық" дейді ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар