бейсенбі, 12 ақпан, 2026 12:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қалам құдіретін ұғындырған кездесу

Қалам құдіретін ұғындырған кездесу
фото мектептің жеке қорынан
Астана қаласындағы №95 мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылығын насихаттауға бағытталған тағылымды іс-шара өтті. 10 ақпан күні ұйымдастырылған «Қалам құдіреті» атты әдеби кездесу жас буынға рухани серпіліс сыйлады.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, «Еңбек даңқы» және Жанғали Нәубибуллин атындағы төсбелгінің иегері Қаршығаұлы Асантемір, сондай-ақ айтыскер ақындар Ринат Хожамуратов, Мисалбек Назар және Қазыбек Ибрахим арнайы қатысты.
Кеш барысында қонақтар өлең сөздің құдіреті, ақындықтың жауапкершілігі мен шығармашылық ізденістің мәні туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Поэзияның адам жанына әсері, сөз өнерінің қоғамдағы орны жайында терең ой қозғап, өз шығармаларынан үзінді оқыды. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға шынайы жауап беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Әсіресе мектептің жас ақындарының өнері көпшіліктің көңілінен шықты. Олар өз жүрекжарды жырларын оқып, кәсіби ақындардың батасын алды. Бұл сәт жас таланттар үшін үлкен мотивация, шабыттың бастауы болды.
Қалам – адамның ішкі жан дүниесін, арман-мұратын, сезімі мен сырын жеткізетін киелі құрал. Осындай кездесулер арқылы оқушылар шығармашылыққа қадам басып, рухани байлықтың мәнін тереңірек түсінеді. «Қалам құдіреті» атты әдеби кеш те жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттырған мазмұнды басқосу болды.
Аталған іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:  Амирхожаева Ж.Б., Шаймерденова А.М., және қазақ тілі кафедрасының жетекшілері ұйымдастырды. 
Ұйымдастырушылардың жүйелі жұмысының нәтижесінде мазмұнды да тағылымды кездесу жоғары деңгейде өтті.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар