Қоғам

Қарулы күштердің басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды

Антикор ҚР Қарулы күштеріне қарасты басқарма басшысын аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ҚР Қарулы күштері әскер инфрақұрылымының бас басқармасының күрделі жұмыс басқармасының бастығын ұстады.