сейсенбі, 10 ақпан, 2026 20:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Садыр Жапаров Камчыбек Ташиевті қызметінен босатты

Садыр Жапаров Камчыбек Ташиевті қызметінен босатты
kg.akipress.org
Бұл шешім ел саяси өмірінде күтпеген қадам ретінде бағаланып отыр.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елдегі ықпалды тұлғалардың бірі саналатын Камчыбек Ташиевті Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметтерінен босату жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім ел саяси өмірінде күтпеген қадам ретінде бағаланып отыр. Ташиев ұзақ жылдар бойы Жапаровтың ең жақын серігі әрі сенімді одақтасы саналды. Екеуінің ортақ саяси жолы 2010 жылы «Мекенчил» партиясын құрудан басталған. Кейін олар бірнеше мәрте наразылық шараларына қатысып, саяси қысымға ұшыраған. 2020 жылғы оқиғалар кезінде Ташиевтің жақтастары Жапаровты қамаудан босатып, оның билікке келуіне шешуші рөл атқарған. Осыған байланысты сарапшылар Ташиевті «бейресми вице-президент» ретінде сипаттап келген.

Президенттің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов қабылданған шешімнің себебін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл қадам мемлекет мүддесін қорғау және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік органдар арасында алауыздықтың алдын алу мақсатында жасалған. Негізгі басымдық – ел ішіндегі тұрақтылық пен бірлікті сақтау.

Сонымен қатар Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін уақытша атқару Жумгалбек Шабданбековке жүктелді. Ол 2020 жылдан бері аталған ведомство төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар