Петропавлда оқушы мектепке тапанша алып келген
Аталған факт бойынша тексеру жүріп жатыр.
Петропавлда 11-сынып оқушысы мектепке тапаншамен келіп, өзінен кіші оқушыларға «көрініс» көрсеткен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бір рет оқ атылған, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл оқиғада барлығының, соның ішінде «қойылым» авторының да жолы болды, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.
Полиция департаменті қарудың пневматикалық екенін және оқ ататын қару санатына жатпайтынын хабарлады. Дегенмен, оқ біреуге тиген жағдайда зардап шегетіні әбден мүмкін еді.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүріп жатыр. Оның нәтижесінде мектеп басшылығы мен оқушылардың қауіпсіздігіне жауапты күзетшілердің іс-әрекетіне баға беріледі.
Өткен жылдың күзінде дәл осы мектептің оқушыларының бірі оқу орнына бұрыш баллонын әкеліп, оны шашып жіберген. Ол кезде бұл жағдай БАҚ беттерінде жарияланбаған. Бірақ тапаншамен болған оқиғадан кейін мектеп басшылығы мен күзет агенттігі жауапкершіліктен құтыла алмайтын сияқты.
Бұған қоса, бухгалтерияға қатысты да қызықты жайт бар.