сейсенбі, 10 ақпан, 2026 13:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атыраудағы жоғалған отбасы: іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр

Атыраудағы жоғалған отбасы: іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр
politico.kz коллажы
"Елдің күні-түні сұрайтыны осы..."

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Қоғамды алаңдатқан бұл оқиға жөнінде әзірге нақты дерек жоқ, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға байланысты пікір білдіріп, оқырмандардың "Атырауда жоғалған отбасыдан хабар бар ма? Күйеу бала қайда?" деген сауалдарына жауап берді. 

"Елдің күні-түні сұрайтыны осы… Бірақ әзірге тып-тыныш. Кеше туыстарымен сөйлескенмін. Ол кісілер де бейхабар. "Құзырлы органдардан ақпарат күтіп отырмыз. Бәрі үнсіз" дейді. Әріптесім Руслан Өтепбай келіп кетті. Білесіздер. Енді сол әріптесімнің зерттеу материалдарынан қандай да бір тың ақпараттар күтпесек, әзірге басқа ешқандай бізде мәлімет жоқ", – деді журналист.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар