Қоғам

"Білегі көгеріп тұрды": Нүкенованың көмекшісі сотта жауап берді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың көмекшісі болған Анар Тасова жауап берді. Ол Нүкенова астролог болған кезде көмекшісі болған.

Анар Тасова бір рет Бишімбаевтың үйінен Салтанатты алып кеткенін айтады. Сол кезде Салтанаттың еңсесі түсіп тұрғанын көрген.

Анар Тасова Салтанат Нүкенова өзіне ылғи күйеуімен ұрсысатынын, Бишімбаев оны әбден қадағалап, соғатынын айтатынын есіне алады. 

Жәбірленуші тараптың адвокатының бірі Салтанаттың денесі көгергенін көріп, ағасына неге айтуды неге ұсынып көрмедіңіз деп сұрады. 

Сотталушы Қуандық Бишімбаевтың өзі Анар Тасоваға бірнеше сұрақ қойды. Салтанаттың мойнында “жіптің ізі болғанын қайдан білдіңіз, оның өзі сізге айтты ма?” деп сұрады. Анар Салтанаттың өйтіп өзіне айтпағанын, бірақ Салтанат өз-өзіне ондай жарақат сала алмайтынын жеткізді.

Анар Тасова сұрақ-жауап барысында Салтанат Нүкенова тұрмысқа шықпас бұрын өзіне айына шамамен 250-300 мың теңге төлегенін айтты.