дүйсенбі, 9 ақпан, 2026 18:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбеде әйел адам мен кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылды

Ақтөбеде әйел адам мен кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылды
Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары басталып кетті.

Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы жағдай газ жабдықтарын пайдалану талаптарының бұзылуынан туындап, табиғи газдан улану салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысының әкімі берген тапсырмаға сәйкес, жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнаулы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Ол уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылдайтын болады.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары басталып кетті.

Ақтөбе облысының әкімдігі қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіп, сондай-ақ қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, марқұм болған әйел 1993 жылы туған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар