«Ер адам жұмыс орнында қайтыс болды" - Смадияров
Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматының қазасына ҚР Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді
Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласындағы ағынды суларды тазарту қондырғысында жұмыс істеп жүрген 31 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болды. Полиция мен еңбекті қорғау органдары қазақстандық азаматтың өліміне қатысты тергеуді бастады. Ер адам Чонджудағы шыны шығаратын зауытта ағынды суларды тазарту қондырғысында жұмыс істеп жатқан кезде құлап қалған. Дер кезінде ауруханаға жеткізілгенімен, науқас сол жерде көз жұмды.
Тергеу оның өлімі электр тогының соғуынан болған деп есептейді.