дүйсенбі, 9 ақпан, 2026 15:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Таразда балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйел ұсталды

Таразда балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйел ұсталды
Freepick
Таразда жан түршігерлік оқиға болды. Әйел бесінші қабаттың терезесінен өзінің екі кішкентай баласын лақтырып жіберген, деп хабарлайды Arasha.kz сайтына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.

Жамбыл облысы полициясының мәліметінше, күдікті анықталып, ұсталған және тергеу изоляторына қамалған.

«Қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады», — деп хабарлады ПД.

Балалар ауруханаға жеткізілді. Сәбилердің жағдайы ауыр.

«2021 жылы туған бала ауыр жарақат алған, оның ішінде сан сүйегінің жабық сынуы және миының қатты ісінуі бар. Оған КТ жасалды, ісінуге қарсы терапия жүргізілді, ертең сан сүйегіне ота жасау жоспарланып отыр. 2023 жылы туған балада да миының ауыр жарақаттары бар. Оған ісінуге қарсы терапия жүргізілді», — деп түсіндірді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасында.

Дәрігерлер балаларға қажетті медициналық көмектің барлығын көрсетіп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар