Руханият

Димаштың шоуы рекорд орнатты

Шоуды Қытай мен Қазақстанның жетекші медиа ресурстары қолдады.

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы бірінші эпизодының шығуымен бірге рейтинг бойынша көшбасшы болып, халықаралық деңгейде кең резонанс туғызды. Шоудың атқарушы продюсері – Димаш Құдайберген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Шоуды Қытай мен Қазақстанның жетекші медиа ресурстары қолдады. Hunan TV телеарнасының дерегінше, премьера бірнеше ірі қытайлық аймақтық спутниктік телеарналарында (CVB, CSM, CSM71, KuYun, Huanwang) рейтинг бойынша бірінші орынға шыққан. «Voice Beyond Horizon» – тікелей трансляциясы Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен орталық БАҚ (China Daily) арқылы бір уақытта ұйымдастырылған алғашқы шоу, оның көрермен аудиториясы түрлі платформаларда 102 миллионнан астам адамға жеткен. Премьера интернетте 143-тен астам трендті тудырды.

Алты елден шыққан сегіз өнерпаздың және Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі «Ұлы Жібек жолының симфониясы» атты көрініс ретінде әлемге ұсынылды. Қазақстандық әртіс осы шоудың инициаторы және продюсері болып табылады. Шоу әр бейсенбіде Hunan TV телеарнасында эфирге шығады.