"Басыма тапанша тақады": Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері бейнеүндеу жасап, прокуратурадан көмек сұрады
Еліміздің құқық қорғау органдарынан көмек сұраған боксшы басынан өткен жағдайларды ашып айтты.
Танымал боксшы, Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өз мәлімдемесінде еліміздің құқық қорғау органдарынан көмек сұраған боксшы басынан өткен жағдайларды ашып айтты.
Спортшыға биыл қаңтар айында Түркиядан тағы да қоңырау түскен.
Еркебұланның айтуынша, орманда тағы бірнеше адам болған. Бәрі де Орта Азиядан Түркияға қашып барған сақалды жігіттер көрінеді.
Видеоүндеу соңында Олимпиада жүлдегері еліміздің Бас Прокуратурасынан, Ішкі істер министрлігінен және басқа да құзырлы органдардан осы мәселеген назар аударып, жан-жақты тексеріс жүргізуін сұраған.