Қоғам

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы ұсталды – Антикор

Олар 2021-2024 жылдар аралығында шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы ұсталды – Антикор

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы және басқа тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар 2021-2024 жылдар аралығында шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі Данияр Бигайдаров.