Спорт

Дубайда Қазақстан командалары керемет нәтиже көрсетті

Бірінші күні Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан халықаралық арнайы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge‑2026 турнирінде Қазақстан командалары керемет нәтиже көрсетті, деп хабарлайды oimaqnews.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ескерте кету керек, Қазақстан құрамасына ҚР ҰҚК «А» АМҚ 10 қызметкері кіреді, соның ішінде «Kazakhstan Tomiris» әйелдер командасында да нәзік жанды ару бар.

Биыл жарысқа 48 елден 109 команда қатысуда, бұл турнирдің халықаралық деңгейін және мәртебесін көрсетеді. Қатысушылар экстремалды жағдайларда өз шеберліктерін, физикалық дайындығын, тактикасын және топтық өзара іс-қимылды көрсетеді.

Қазақстандық командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетуде. «Kazakhstan Tomiris» де өз нәтижесімен қуантуда.