Спорт

Олимпиада күнделігі: жарыс жолына кімдер шығады?

Италияда Қысқы Олимпада өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді жалғастырып жатыр. 9 ақпанда отандастарымыз конькимен жүгіру және шаңғымен тұғырдан секіру жарыстарында бақ сынайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Спорт түрі: Конькимен жүгіру, 1000 метр (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева

Басталу уақыты: 21:30

Спорт түрі: Шаңғымен тұғырдан секіру, қалыпты тұғыр (ерлер)

Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев

Басталу уақыты: 23:00

Айта кетейік, конькимен жүгіру спортында дәл осы күні медальдар сарапқа салынады. Ал шаңғымен тұғырдан секіру жарысында үздік 30 спортшы финалдық кезеңге жолдама алады.