Нұрлан Сабыров Ресейге кіруге тыйым салынуына байланысты пікір білдірді
Ол қазір бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатыр.
Танымал стендап-комик Нұрлан Сабыров өзінің Ресейге кіруіне тыйым салынғаны туралы ақпаратқа қатысты алғаш рет ашық мәлімдеме жасады. Әртістің айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Сабыров тиісті мәлімдемесін жексенбі, 8 ақпан күні Instagram-дағы сторис бөлімінде жариялады. Комик іс толық аяқталмайынша, егжей-тегжейлі пікір білдірмейтінін баса айтты.
Сонымен қатар, Сабвров өзінің шығармашылық жолы мен кәсіби тұрғыда қалыптасуындағы Ресейдің рөліне жеке тоқталып өтті. Әртістің сөзінше, оның стендап-комедиядағы жолы осыдан 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталып, кейін Мәскеуде жалғасқан.
Үндеуінің соңында Нұрлан Сабыров өз көрермендеріне алғыс айтып, медиа өкілдерінен жақындарының мазасын алмауды өтінді.
Бұған дейін Ресейдің құқық қорғау органдары жергілікті БАҚ-қа Нұрлан Сабыровтың Ресей аумағына кіруіне 50 жылға тыйым салынғанын растаған болатын. Әртістің өзі бұл мәселе бойынша әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Сондай-ақ Сабыровтың Ресейге кіруіне не себепті тыйым салынғаны белгілі болды. Кейінірек бұл оқиғаға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.