Руханият

Ұлттық ұланның музыканты Мұқағалаи Мақатаев байқауында топ жарды

Рухани шараға өнер мен сөз құдіретін қадірлейтін 20 қатысушы қатысып, өзара бақ сынады.

Алатау қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Рухани шараға өнер мен сөз құдіретін қадірлейтін 20 қатысушы қатысып, өзара бақ сынады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынға 6654 әскери бөлімінің оркестрінде аға музыкант қызметін атқаратын ефрейтор Бағдат Андиров лайық деп танылды. Жеңімпаздың ақын шығармаларын тебіреніспен орындауы, сахна мәдениеті мен көркемдік шеберлігі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.

Шығармашылық кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жетер өлеңдері оқылып, ән-жырлары шырқалды. Қатысушылар ақынның шығармашылығы арқылы адамгершілік, отансүйгіштік және рухани құндылықтарды дәріптеді. Әсіресе әскери қызметші Бағдат Әбілханұлының өнері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Айта кетейік, аталған байқауға 3660 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Ерсұлтан Жақыпбек те қатысып, үшінші орын иеленді.

Ұлттық ұлан сарбаздары қол жеткізген бұл жетістік — әскери ортадағы өнерлі жастардың биік белестерді бағындыра алатынының жарқын дәлелі.