Саясат

Қысқы Олимпиада: Надежда Морозова 6-орын алды

Миланда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр.

Италияның Милан қаласында конькимен 3000 метрге жүгіруден әйелдер арасында XXV қысқы Олимпиаданың жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тәжірибелі отандасымыз Надежда Морозова осы сында 4:01.20 секунд нәтижесімен 6-орын алды. Тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Голубева қашықтықты 4:03.30 секундта еңсеріп, 10-сатыдан көрінді. Ол 5-жұпта Сандрин Ташпен (Бельгия) бірге жүгірді.

Әйелдер, 3000 м. Жүлдегерлер:
1. Франческа Лоллобриджида (Италия) Олимпиада рекордын тіркеді 3:54.28 секунд
2. Рагне Вилклунд (Норвегия)
3. Валери Мальтиас (Канада)

Бүгін бұл бағдарламада барлығы 10 жұп жарыс жолына шықты. Ертең кешкі сағат 20:00-де ерлер 5000 метрге жарысып, кім мықтыны анықтайды.