Спорт

Испанияда өтіп жатқан бокс турнирінде 11 қазақстандық боксшы финалға жолдама алды

Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан да бар.

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан бокстан Boxam Elite-2026 турнирінде 11 қазақстандық боксшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды olympic.kz.

Атап айтқанда, ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдеге таласады.

Әйелдер арасында Назерке Серік (65 келіге дейін), Умида Садықова (80 келіден жоғары) және Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) финалда бақ сынайды.

Ал Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.