Саясат

Жаңа Конституция сөз бостандығын шектемейді – Аида Балаева

Министр дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалғанын атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, ар-ұждан мен қадір-қасиетті қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты негізгі құқықтар конституциялық деңгейде бекітілуі тиіс, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Біздің ойымызша, ар-ұждан мен қадір-қасиетті қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты негізгі құқықтар конституциялық деңгейде бекітілуі тиіс. Соған қарамастан, ең басты қағида өзгеріссіз қалады. Сөз бостандығына кепілдік беріледі, ал цензураға тыйым салынады. Әрине, сөз бостандығы – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Сонымен бірге, оның да өзіндік құқықтық шеңбері бар екенін түсінуіміз керек. Бұл шектеулер ой-пікірін білдіруге емес, тек қоғамға қауіпті мақсаттарды көздейтін үгіт-насихатқа қатысты қолданылады. Бұл мәселе конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, ұлттық қауіпсіздікке, кемсітушілік сипаттағы араздықты қоздыруға бағытталған, не осындай әрекеттерге айдап салу немесе соған ашық шақыру белгілері бар жағдайларға ғана қатысты екені белгілі, – деді Аида Балаева. 

Сондай-ақ Аида Балаева Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалғанын атап өтті.