Әлеумет

Түркістанда алып сәби дүниеге келді

Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша ана кесар тілігі арқылы босанған.

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада салмағы 6 015 грамм ал бойы 63 см болатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша ана кесар тілігі арқылы босанған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Ота сәтті аяқталып, бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде дәрігерлердің бақылауына алынған.