Әлеумет

Сабуров Алматыға ұшуды жоспарлап отыр

Алайда депортация шарттары түсіндірілген соң, қаржы тауып, Алматыға билет сатып алғаны хабарланады.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, бұған дейін Ресейге кіруге тыйым салынғаны хабарланған әзілкеш Нұрлан Сабуров Алматыға ұшуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Mash Telegram арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады  Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Мәскеудегі Внуково әуежайында паспорттық бақылау кезінде болған оқиғадан кейін Нұрлан Сабуров Дубайға тегін депортациядан бас тартқан. Себебі дереккөздердің айтуынша, депортацияның міндетті шарты – қолына кісен салу болған. Нәтижесінде әзілкеш Қазақстанға билеттi өз қаражатына сатып алған көрінеді.

Mash дерегіне сүйенсек, Нұрлан Сабуров Мәскеуге Біріккен Араб Әмірліктерінен бизнес-класс арқылы келген. Кейін Дубайға кері қайтуға қаражаты жоқ екенін айтқан. Алайда депортация шарттары түсіндірілген соң, қаржы тауып, Алматыға билет сатып алғаны хабарланады. Дереккөздерге сәйкес, ең жақын рейс түстен кейінгі уақытқа жоспарланған.

Айта кетейік, жарияланым шыққан сәтте ресми органдар да, Нұрлан Сабуровтың өкілдері де бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген.