Әзербайжанда мектеп оқушысы әкесіне тиесілі мылтықтан мұғалімге оқ атты
Бакудегі жекеменшік лицейдің оқушысы әкесіне тиесілі мылтықты мектепке әкеліп, мұғалімге оқ атты, деп жазды Azertag.
Басылым мәліметінше, оқиға 6 ақпанда таңертең Бакудің Бинагади ауданында орналасқан "Идрак" жекеменшік лицейінің маңында болған.
Әзербайжан Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім мектепке әкесіне тиесілі аңшы мылтығын алып келіп, мектепте жұмыс істейтін мұғалімді жаралаған.
Полиция оқушыны ұстады. Одан аңшы мылтығы тәркіленді. Бұл факт бойынша тергеу жүргізілуде.