Қоғам

Жасанды интеллект саласында байқау жарияланды

Байқауға мектеп оқушылары, студенттер, стартап-командалар мен зерттеушілер қатыса алады.

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұлттық alem.ai battle байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқау ел өңірлеріндегі жасанды интеллект саласындағы таланттарды қолдауға бағытталған.

Өтінімдер 2026 жылғы 22 ақпанға дейін қабылданады. Финалдық кезең Астанадағы alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында өтеді.

Байқауға мектеп оқушылары, студенттер, стартап-командалар мен зерттеушілер қатыса алады. Іріктеу нәтижесінде финалға 20 үздік команда жолдама алады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 25 млн теңге. Қорытынды кезеңде әр санат бойынша жеңімпаздар анықталады.

alem.ai battle байқауы Astana Hub алаңында, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қолдауымен ұйымдастырылады.

Байқау туралы толық ақпарат пен өтінім беру сілтемесі Astana Hub платформасында қолжетімді.