бейсенбі, 5 ақпан, 2026 16:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте үшем дүниеге келді

Шымкентте үшем дүниеге келді
Дәрігерлер үшемді аман-есен алып қалды.

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентханасында үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қалалық  Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1995 жылы туған Гүлбағира Өтемісқызы жүктіліктің 31-аптасында дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен босанған.

Мерзімінен бұрын туған нәрестелер алғашқы үш тәулік бойы жаңа туған сәбилердің реанимация және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Оларға тыныс алуды қолдау көрсетіліп, өмірлік маңызды көрсеткіштері тәулік бойы қадағаланды.

Қыз балаға Айым, ал ұл балаларға Нұрасыл және Бекасыл деген есімдер қойылды. Нәрестелердің жағдайы тұрақталғаннан кейін олар жаңа туған сәбилер патологиясы бөліміне ауыстырылып, ем-дом мен арнаулы күтім жалғастырылды.

6 қаңтар күні дүниеге келген үшемдер бүгінде салмақ қосып, әрқайсысы 2 300 грамға дейін жеткен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар