Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судьяның күйеуі Мәскеуден табылды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:52
- 21
Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов Мәскеуде жүргені анықталды. Бұл туралы Arasha.kz хабарлады.
Telegram-дағы 112 арнасының журналистері Донцовты видеоға түсірген. Онда ол өзіне тағылған айыпты мойындамай, ақпараттардың жалған екенін айтты. Арна дерегінше, 2 ақпанда Александр және оның анасы Наталья Донцова Мәскеудегі Тергеу комитетінде түсініктеме берген. Наталья Ресей Конституциясының 51-бабына сүйеніп, жауап беруден бас тартқан.
Сонымен қатар әлеуметтік желіде өзін ресейлік "Экономика Жоғары Мектебі" Ұлттық зерттеу университеті студентімін деген жас жігіттің видеосы тарады. Ол Александр Донцовтың осы университетте бес айдан бері ғылыми қызметкер болып жұмыс істейтінін айтты. Университет сайтындағы мәлімет те бұл ақпаратты растайды.
Еске салайық, 2024 жылдың маусымында Германияда Айгүл Сайлыбаева жоғалып, кейін мәйіті Бенсхайм маңынан табылған. Германияда кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалып, сот шешімімен марқұмның енесі Наталья Донцова күдікті деп танылды және оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазақстанда да марқұмның күйеуі мен енесі іздеуде.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Әдемі көлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады
Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі орманнан табылды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:19




