сәрсенбі, 4 ақпан, 2026 19:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Биыл қанша запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Биыл қанша запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
gov.kz
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді

2026 жылы Қазақстанда Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және әскери дайындалған резервті қалыптастыру мақсатында 850-ден астам запас офицерді мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ведомствоның ақпаратынша, шақырылатын офицерлердің:

700-і Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына,

80-і шекара қызметіне,

64-і Ұлттық ұланға,

15-і Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі.

Хабарламада атап өтілгендей, шақыру авиациялық, инженерлік, артиллериялық, радиотехникалық, әскери-тасымалдау, медициналық, тылдық, ақпараттық және барлау бағыттары бойынша аса қажетті әскери есептік мамандықтарды қамтиды. Атап айтқанда, денсаулық жағдайы жарамды, тиісті әскери есептік мамандығы бар 29 жасқа дейінгі, ал медициналық мамандықтар бойынша 32 жасқа дейінгі запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады.

Әскери қызмет атқару кезеңінде офицерлерге жалақы төленеді, олар тұрғын үймен немесе тұрғын үй төлемдерімен, тамақпен және медициналық қызметпен толық қамтамасыз етіледі.

Министрліктің мәліметінше, хабарлама алған запастағы офицер жеке куәлігі мен әскери билетін (бар болса) алып, белгіленген мерзімде жергілікті әскери басқару органына келуі тиіс. Шақырылуды кейінге қалдыру отбасы жағдайына, білім алуына немесе денсаулық жағдайына байланысты шақыру комиссиясының шешімімен берілуі мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар