Ұлттық қор қаржысы 93,2 млрд теңгеге өсті
Биыл қаңтар айында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры 93,2 млрд теңгеге өсіп, жалпы көлемі 39,74 трлн теңгеге жетті.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша Ұлттық қорға барлығы 323,2 млрд теңге түсті. Оның ішінде 183 млрд теңге корпоративтік табыс салығы есебінен, 131,9 млрд теңге пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтан, 7,7 млрд теңге Қазақстанның жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу үлесінен түскен. Сонымен қатар басқа да кіріс көздері бар.
Түскен қаражаттың 230 млрд теңгесі республикалық бюджеттің шығыстарын жабу үшін кепілдендірілген трансферттер ретінде бағытталған. Ал қалған 93,2 млрд теңге Ұлттық қорда сақталып, оның жалпы активін ұлғайтты.
Бұған дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әрбір баланың шотына 130,71 АҚШ доллары көлемінде қаражат есептелгені белгілі болды. Монетарлық реттеушінің сайтында көрсетілгендей, 2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 918 656 баланы құрады.
Бағдарлама жұмысын бастағалы 3 жылда жалпы жинақталған сома, Ұлттық Банктің ақпараты бойынша, инвестициялық кірісті ескере отырып, бір балаға 3 370,56 құрады. Тиісті ақпарат 2026 жылғы 31 Қаңтарда электрондық үкіметтің EGOV mobile мобильді қосымшасында және сайтта қолжетімді болады kids.enpf.kz.