сәрсенбі, 4 ақпан, 2026 11:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Белгілі актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті

Белгілі актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті
Фото: t.me/madenietaqparat
76 жасқа қараған шағында белгілі актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды. Актердің қазасына байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлының өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады", - делінген көңіл айту жеделхатында.

Балтабай Сейітмамытұлы – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған сирек болмысты тұлға еді.

Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді.

"Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз", - делінген көңіл айту жеделхатында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар