сейсенбі, 3 ақпан, 2026 15:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алаяқтықтың жаңа схемасы шықты

Алаяқтықтың жаңа схемасы шықты
Фото: freepik.com
Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қалыптастыру мақсатында интернет алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлады Oimaqnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиян файлдарды таратады. Алаяқтар telegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеусіз хабарлама жібереді. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнатқан кезде алаяқтар құпиясөздер мен қаражат ұрлап, хат алмасуға және фотосуреттерге қол жеткізеді», - деп жазылған ақпаратта.

Сондай-ақ бұл «тегін кітапхананың» салдары смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалтуға әкеп соғады. Полиция бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату қауіпті екенін еске салады.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар