Спорт

Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды», делінген хабарламада.

Серік Сәпиев — бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, өңірлік басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті.