сейсенбі, 3 ақпан, 2026 11:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан банктері 2,5 трлн теңге таза табыс тапты

Қазақстан банктері 2,5 трлн теңге таза табыс тапты
Freepik
Қазақстанның банк секторы соңғы жылдары тұрақты дамып келеді.

Өткен жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) жиынтық таза пайдасы 2,5 трлн теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,2%-ға немесе 167,9 млрд теңгеге көп, деп хабарлайды Oimaqnews.kz порталы Ranking орталығына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, банк жүйесінің оң динамикасы ең алдымен банктердің өз тиімділігімен байланысты. Қазіргі таңда халықаралық рейтингтік агенттіктер сектордың макроэкономикалық тәуекелдерге төзімді екенін, резервтік қамтудың жеткілікті деңгейін және несие портфелінің сапасын атап отыр.

Елімізде жұмыс істейтін 23 банктің ішінде 14 қаржы институты пайдасын арттырған, 7 банктің табысы азайған, ал 2 банк нарыққа жаңадан кіргендіктен, олар бойынша салыстырмалы дерек жоқ.

Таза пайданың ең жоғары өсімін Bereke Bank көрсетті. Банктің бір жылдағы таза табысы 2,2 еседен аса өсіп, 48,9 млрд теңгеге жеткен. Бұл нәтиже банк қызметінің әртараптандырылуымен және бөлшек әрі корпоративтік клиенттерге арналған өнімдердің белсенді дамуына байланысты.

Екінші орында — KZI Bank. Банктің таза пайдасы 47,3%-ға өсіп, 18,3 млрд теңгені құрады.

Үздік үштікті ICBC Almaty түйіндеді — банк табысы 46,7%-ға артқан.

Сондай-ақ табыс өсімі бойынша алғашқы бестікке Банк ЦентрКредит (+28,3%) пен Home Credit Bank (+26,3%) кірді.

Мамандардың айтуынша, банктердің таза пайдасының өсуі — тек жекелеген қаржы ұйымдарының тиімділігін ғана емес, жалпы банк секторының тұрақтылығын көрсетеді. Бұл өз кезегінде салымшылар мен инвесторлардың сенімін арттырып, ел экономикасының орнықтылығына оң әсер етеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар