Қоғам

Тасқын салдарынан бүлінген үйлердің орнына 80 және 160 шаршы метрлік баспана салынады

Әзірленген тұрғын үйлердің жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді



Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева тасқынның салдарынан бүлінген үйлердің орнына қандай баспана салынатынын айтты.
 

«Біреуі – 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй, екіншісі – жалпы ауданы шаршы 160 метр болатын екі пәтерлі тұрғын үй. Әзірленген тұрғын үйлердің жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді. Бұл барлық өңірлерде типтік-жобалық құжаттама негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс келесі аптаның аяқталып, үлгілік жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен қоса epsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылады», - деді Меруерт Ибраева.