Спорт

"Жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмайды": Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты мәлімдеме жасады

Алайда әрбір сәтсіздік үлкен жолдың бір бөлігі екеніне сенемін.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық өкілі Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 1bol.kz.

Шындықты жасырмай айтайын: жарақатыма байланысты тағы бір ота жасатуға тура келді. Енді толық қалпыма келу үшін уақыт қажет. Тиісінше октагонға оралуым тағы да кейінге шегерілді.

Әрине мұны қабылдаудың өзі қиын. Алайда әрбір сәтсіздік үлкен жолдың бір бөлігі екеніне сенемін. Бұрынғыдан да мықты, ақылды болып ораламын, жеңіске деген құлшынысым да арта түседі.