Саясат

Мемлекет басшысы Испания королін туған күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.