Әлеумет

Шымкентте тағы бір ер адам әйелін пышақтап кеткен

Күдікті ізі суымай ұсталды.

Оқиға кеше түс кезінде болған. Ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасап, жәбірленуші алған жарақатынан сол жерде жан тәсілім етті. Оқиға куәгерлері бірден полиция шақырған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Жарты сағаттан соң Қонаев даңғылы мен Терешкова көшесінің қиылысынан бағдар бойынша сипаттамаға сай келетін күдікті байқалды. Тексеру кезінде ер адам полицияға қатты қарсылық көрсеткен. Тәртіп сақшыларына қызметтік қару қолдануға тура келді. Күдікті жараланып, ауруханаға жеткізілді, кейін ол күзетке алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары кісі өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.