Қоғам

«Салтанатты соққан, артынша қылқындырған»: медэксперт өлім себебін ашып айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында бүгін сот медициналық сарапшы Тахир Халиназаров келіп жауап берді. Ол Салтанаттың өлімінің себебі жайлы айта келе өлімге жарақаттың бәрі әсер еткенін, жеке осы соққы оған себеп болды деп бөліп қарауға болмайтынын айтты.

Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасаған сарапшы Тахир Халимназаров бүгін сот залында марқұмның бет-жүзінде болған зақымдарды манекенге салып көрсетті. Оның айтуынша, Салтанат Нүкенованың басына жасалған соққылар бірге өлімге әкеп соққанын айтады.

Судья Айжан Көлбаева сарапшыдан “оны қылқындырған ба?” деп сұрады. Халиназаров “қылқындыру белгілері бар” деп жауап берді. Судья одан қарапайым тілмен түсіндіруді өтініп, “соққылардан кейін қылқындырған ба?” деп қайта сұрақ қойды. Эксперт “иә” деп жауап берді.