Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қаржылық мониторинг агенттігі ұлттық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын дербес құрылымға айналды

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Президент сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, осыдан бес жыл бұрын, ел ішінде ауқымды өзгерістер қолға алынып жатқан тарихи кезеңде құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі өзіне жүктелген жауапкершілік пен міндетті абыроймен орындап келе жатқанына назар аударды. 

Құқық қорғау мекемелері, соның ішінде Қаржылық мониторинг агенттігі технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін.