Ақтөбеде екі қыз дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап кетті (видео)
Былтыр 28 желтоқсанда қыздар Ақтөбедегі сауда үйіндегі бутиктен бірнеше iPhone смартфонын ұрлап кеткен.
Бейнекамерадағы жазбадан екі қыздың дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап жатқанын көруге болады. Үш күн өткен соң олар бутикке қайта барып, сөренің ашық тұрғанын көріп, тағы бір iPhone-ды қолды қылған.
Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция мұндай әрекеттер үшін заң бойынша 7 жылға дейін бостандықты шектеу немесе 7 жылға сотталу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылғанын ескертті.