Қоғам

Шахтинскте әйел 8-қабаттан құлап кетті

Шахтинск қаласында көпқабатты үйлердің бірінде 44 жастағы әйел тоғызыншы қабатта орналасқан балконнан құлап кетті.

Болған жайттың 8 сәуірде тіркелгенін Қарағанды облысы полиция департаменті растайды. Алайда департамент әйел секіріп кетті деп жазады.

Қайғылы жайттың кадры әлеуметтік желіде тарап жүр. Алайда одан әйелдің секіргені емес, сегізінші қабаттан жетінші қабаттағы балконға түсіп бара жатқан сәті көрінеді. Бір сәтте қолы шығып кетіп, әйел құлап кетеді.