сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 19:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қаскелеңде ер адам әйелі мен енесіне күш көрсеткен

Қаскелеңде ер адам әйелі мен енесіне күш көрсеткен
Оқиға 24 қаңтардан 25 қаңтарға қараған түні болған.

Қаскелеңде ер адам әйеліне және енесіне күш көрсеткен, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Информбюроға сілтеме жасап.

Оқиға 24 қаңтардан 25 қаңтарға қараған түні болған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның қолына таяқ ұстап аулаға кіріп, әйелін бірнеше рет ұрғаны көрінеді. Сонымен қатар, оларға араша түспек болған енесіне де қол көтерген. Бұдан бөлек, күдікті аулада тұрған автокөліктің терезелерін сындырған.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар