Бишімбаев соты: Куәгер Нүкенова қайтыс болған түні неге полиция шақырмағанын айтты
- авторОймақ
- 9 сәуір, 2024
- 426
Дизайн саласындағы фрилансер Дамир Мейірбеков мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізгенін айтты.
"Осыдан 10 күн бұрын (кісі өлтірілген күнге дейін – ред.) олар түннен таңғы алтыға дейін осы VIP кабинада болды және қатты айғай-шу естілді. Нақты не екені белгісіз, бірақ ол кездегі дыбыс 9 қарашадағы дыбысқа арағанда қаттырақ болды. Ал таңғы алтыда Бишімбаевтың кабинадан шығып, оны (Нүкенованы – ред.) лифтке қарай сүйрегенін байқадым. Ол (Нүкенова – ред.) киім киген, басы жасырылған күйде болды. 10 күн бұрын болған жағдаймен салыстырсам, ол кезде айғай-шу қаттырақ болды. Ол кезде әлденені төңкеріп жатқаны естілді", – деді куәгер.
Оның айтуынша, қазан айының соңында дыбыстар қаттырақ болды.
Қарашаның 8-нен 9-ына қараған түні Мейірбеков әріптестерімен мейрамхананың жалпы бөлмесінде қабырғалар мен едендерді сырлап жатқан. Сағат 6.35-те ол мекеме әкімшісіне аяқталған жұмыстың фотосуретін және келесі мазмұндағы хабарламаларды жіберді:
"Картиналар ілулі тұрған қабырғаны бітіруге рұқсат етілмеді. Қуандық VIP кабинаны төңкеріп тастаған сияқты, әйелі тірі деп үміттенемін. Жалаңаш денесіне пиджак киіп (жүрді – ред.), маска шоуын қойды. Біз кеттік. Ол не оны ұрды, не мүлікті бүлдірді. Алдыңғы есіктің әйнек есігін жұлып ала жаздады".
Әкімші бұл жігітке Қуандық Бишімбаев оны шаршата бастағанын, барлық әйнекті сындырғанын, бұл тауарлық-материалдық құндылықтардың тапшылығына себеп болғанын жазған.
Зардап шеккен тараптың адвокаттары жұмысшылардың неліктен полиция шақырмағанын сұрады.
"Мен мұндай көріністі 10 күн бұрын көрдім және ер адам әйелін өлтіруі мүмкін деп ойламдым. Жұмысқа келген сайын бізді Бишімбаевтан қорғайтын. Олар боямай тұра тұруымызды өтініп, ол кеткенше күтті", – деп жауап берді Мейірбеков.
Ол Бишімбаевтан қорқатынын растады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.