Қоғам
Мырзабосынов Қысқы Олимпиадаға киетін спорттық формаға қатысты пікір білдірді
- авторОймақ
- Бүгін, 12:32
- 15
Спортшылардың киімін отандық бренд тегін тігіп берген.
Туризм және спорт министр Ербол Мырзабосынов Олимпиадағы баратын спортшылардың формасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Мырзабосыновтың сөзінше, спортшылардың киімін отандық бренд тегін тігіп берген.
- Парадтық формаға қатысты — біз оны жетілдіріп, жан-жақты пысықтаймыз. Күзде Нагояда жазғы Азия ойындары өтеді, соған байланысты отандық брендтер қатысатын ашық конкурс жарияланатын болады, – дейді министр.
Мырзабосынов бұл жолы спортшылардың формалары жыртылып қалмайтынына сенімді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





