Қоғам

Астанада тұрғын үйдің бірінде жарылыс болды

Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы К. Циолковский тұйық көшесінде орналасқан бір қабатты үйде өрт сөндіру кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz .

ТЖМ мәліметінше, қабылданған шаралардың арқасында тілсіз жаудың 300 шаршы метрлік ғимараттың барлық аумағына таралуына жол берілмеді.

Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.