Әлеумет

12 облыста республикалық маңызы бар 61 жол бөлігі жабық

8 ақпан сағат 09.30-дағы ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 61 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «Қазавтожол» Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлім етті.

Ақмола облысында – 14 учаске

Ақтөбе облысында – 16 учаске

Атырау облысында – 2 учаске

Жамбыл облысында – 4 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске

Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске

Қарағанды облысында – 3 учаске

Қостанай облысында – 10 учаске

Қызылорда облысында – 1 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске

Түркістан облысында – 1 учаске

Ұлытау облысында – 2 учаске