Саясат

Мемлекет басшысы Израйиль президентіне Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Израиль президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық  Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.