сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 14:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Талдыкөл толқындары» таныстырылды

«Талдыкөл толқындары» таныстырылды
фото автордың жеке қорынан
Бас қалада Ақтайлақ Ыбырайтегінің «Талдыкөл толқындары» кітабының таныстырылымы өтті.

Аталмыш іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Жақыпов, химия ғылымдарының докторы, академик Қайыржан Шалмағамбетов секілді белгілі адамдар қатысып, аталмыш еңбектің өңір тарихын түгендеудегі айтарлықтай еңбек екенін атап өтті.

Бүгінде елорда атанып отырған Қараөткел өңірінің өткен тарихы ізденем деген адам болса, ұсынатын дерегі мен құпиясы әлі де жетерлік. Кешегі «кеңестік» деп аталатын заманда көп жайтты айтуға, жазуға мүмкіншілік болмады. Ел мен жердің атаулары орынсыз өзгертілді, бұрмаланды, қайсыбір елді мекендер біржола жойылып кетті. Мысалы, Ақмол атанып жүрген кенттің тарихи атауы – Қосқопа. Ильинка-Қараөткел атанып жүрген ауылдың тарихи атауы – Қозыкөш.

Бүгінгі Астана төңірегіндегі осындай ауылдардың бірі – Талдыкөл. Кезінде Целиноград атанған қаланың іргесінде орналасқан осы қазақ ауылында үш жүзден аса отбасы тірлік жасап, тіпті сол уақыттарда шағын қаланы сүтпен, май-қаймақпен, етпен қамтамасыз етіп тұрған екен. Балалық шағы сола ауылда өткен біраз адамдар: «Ол жерде Үлкен Талдыкөл, Кіші Талдыкөл деген екі үлкен ауыл болып еді. Арасында мал фермасының базасы тұратын. Айналада үлкен-үлкен жеті көл бар еді. Бала күнімізде осы көлдерден балық аулап, құстың жұмыртқасын теруші едік» дейді.

«Талдыкөл толқындары» кітабында тек Талдыкөл ауылы ғана емес, осы өңірдің бірнеше ғасырлық тарихы қамтылып, ол мұрағаттық құжаттармен дәлелденген. Бұл кітап өлке тарихын жаңғырту барысында қажетті дерек-мәліметтер ұсынатын іргелі еңбек.

                                                                                        Сайлау Байбосын

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар