дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 19:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Суррогат аналарға шетелдіктерден тапсырыс алуға тыйым салынады

Суррогат аналарға шетелдіктерден тапсырыс алуға тыйым салынады
shutterstock
Осыған байланысты «Неке және отбасы туралы» кодекске өзгерістер енгізу көзделген.

Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалануға тек ел азаматтарына ғана рұқсат беру жоспарланып отыр. Осыған байланысты «Неке және отбасы туралы» кодекске өзгерістер енгізу көзделген. Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қазіргі таңда суррогат ана қызметін Қазақстан азаматтары да, шетел азаматтары да пайдалана алады. Алайда халықаралық деңгейде бұл салада даулы мәселелер мен сот даулары жиі туындап жатқаны айтылды.

Осы себепті Үкімет Қазақстан аумағында суррогат ана қызметін тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана көрсету туралы норманы заңмен бекітуді ұсынып отыр. Билік бұл өзгеріс құқықтық тәуекелдердің алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі «Неке және отбасы туралы» кодекске қажетті түзетулерді дайындап қойған. Қазіргі уақытта құжат мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында.

Келісу рәсімдері аяқталған соң, заң жобасы белгіленген тәртіппен Парламент қарауына енгізіледі.

Еске сала кетейік, бұл мәселе 2025 жылғы желтоқсанда Мәжіліс депутаттары тарапынан көтеріліп, Үкіметке ресми сауал жолданған болатын. Ал биыл жылдың басында Премьер-министрдің орынбасары осы тақырыпқа арналған жиын өткізген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар