Су тасқыны: Төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 100 сәби өмірге келді
Тосыннан келген тасқынмен арпалысып жатқан өңірлерде төтенше жағдай жарияланғалы 100 сәби дүниеге келген.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Ақмола облысында 32 бала өмірге келсе, Батыс Қазақстан өңірінде 22 ана нәрестелі болған.
Атырау облысында – 18, Ақтөбе облысында – 14, Қостанай облысында – 8, Абай облысында – 4 және Қарағанды облысында 2 бала туған. Су тасқыны басталғалы 84 жүкті әйел эвакуацияланып, босану мерзімі жақындаған 31 ана ауруханаға жатқызылған.